Киябаева Замзагул Нукпиевна

Киябаева Замзагул Нукпиевна – білім беру саласындағы ардагер маман, 41 жылдан астам уақыт бойы жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісіне арналған. Оның педагогикалық шеберлігі "Педагог-шебер" атағымен мойындалған. 2011 жылы Ы. Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған Замзагул Нукпиевна, орта білім беру саласындағы ұлттық мониторингтер мен емтихандарға арналған тест тапсырмаларының қорын қалыптастыруда зор үлес қосқан. 2021 жылы Ұлттық тест орталығының Алғыс Хатына ие болды. 2023 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының ғылыми-әдістемелік жұмысына сүбелі үлес қосқаны үшін тағы да Алғыс Хатпен марапатталды.